389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада актуалды реализмге арналған көрме ашылды

  • 730
  • UPD: 08:02, 30.11.2018
Елордада актуалды реализмге арналған көрме ашылды

Актуалды реализм. Осындай атаумен Астанада Санкт-Петербург суретшілерінің көрмесі ашылды.

Ерлі-зайыпты Константин және Екатерина Грачевалар сөреге 30-дан аса туындысын қойған. Константинның еңбектері негізінен әскери тақырыпқа негізделсе, жұбайыныкі пейзаж бен портреттік туындылар.

Константин Грачев, суретші:

- Әскери тақырып жаныма жақын. Көрме екі айға ұласады. Жұрттың қызығушылығы болып жатса, суреттер Павлодар мен Алматы қалаларында да көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы