389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда түркі тілдес халықтар туралы деректі фильмнің көрсетілімі өтті

  • 1136
  • UPD: 17:16, 30.11.2018

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Қазақстандағы түркі тілдес халықтар» туралы деректі фильмдердің алғашқы көрсетілімі болды.

Көрермен назарына Қазақстанда тұрып жатқан ұйғыр, татар, өзбек және чуваш халықтары жайлы 4 деректі фильм ұсынылды. Әр фильмде бір ұлттың өкілін басты кейіпкер етіп көрсету арқылы сол ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен салт-дәстүрі суреттелген. Бұл кинотуындыларды Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері түсірді. Түсіру жұмыстарына «Қазақфильм» киностудиясы қолдау көрсетті. Әр фильмнің негізгі идеясы - елімізде мекендеген халықтардың бірлігі, достығы мен ынтымақтастығын насихаттау.

Нәдира Садуова, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті:

- Мен татарларды таңдаған кезде осы бір кейіпкер арқылы бүкіл қазақстанда тұратын татарлардың өмірін көрсеткім келді. Тұрмыстары, қалай өздерінің салт-дәстүрлерін ұстанғандары. Және қазіргі кезде татар халқының дамуына қандай үлес қосып жатқанынын.

Хабар 24 телеарнасы