371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді

  • 587
  • UPD: 14:07, 30.11.2018
Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді aikyn.kz

Елордада «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.

Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордамыздың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған сынды азулы ақындар қатысады.

Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Айтыс 16-17 желтоқсан күндері «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Екі күнде де сағат 15:00-де басталады.

Осы категория бойынша: « Алматыда түркі тілдес халықтар туралы деректі фильмнің көрсетілімі өтті «Қылмыс пен жаза философиясы» кітабы қазақ тілінде жарық көрді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы