389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 180 оқушы қазақтың танымал күйлерін орындады

  • 1047
Семейде 180 оқушы қазақтың танымал күйлерін орындады

Семейде Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өтті.

Оған шаһардағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 180 шәкірті қатысып, өнерлерін ортаға салды. Жас өнерпаздар «100 күй» жобасы аясында Абай, Құрманғазы, Байжігіт күйлерін ойнады. «Ең бастысы қала тұрғындарына Ұлы дала елінің рухын сездіргіміз келді», – дейді ұйымдастырушылар. Мектеп оқушылары әрбір мемлекеттік мерекелерді осылайша домбырашылар флешмобымен өрнектеуді бірнеше жылдан бері дәстүрге айналдырып келеді.

Лариса Әбілқасымова, Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

– Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көптеген фольклорға толы көзқарас көрсетілген. Сондықтан Қазақстанның жас ұрпағы домбыраны қастерлей, қадірлей білуі керек.

Балғын Кәрімова, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

– «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», сондықтан да әр қазақ баласы домбыра құлағында ойнай біліп, мағынасын ұғына білу керек. Біз жастар – Қазақстанның болашақ мұрагерлеріміз.

Хабар 24 телеарнасы