369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде Тұңғыш Президент күніне арналған көрме өтті

  • 115
  • UPD: 18:46, 01.12.2018

«Рухани жаңғыру» фотосуретшілер көзімен. Семейде Елбасының бағдарламалық мақаласына арналған көрме ұйымдастырылды.

Оған семейлік және өскемендік авторлардың 100-ден астам жұмысы іріктеп алыныпты. Тақырып алуан түрлі. Көне шаһардың тарихи нысандары, өлкенің киелі жерлері, Шығыс Қазақстанның тамылжыған табиғаты мен жан-жануарлар әлемі көрініс тапқан. Бүркітшілер мен түйешілер бейнесі де көрермендерді бей-жай қалдырмады. Авторлар бұл еңбектерін Тұңғыш Президент мерекесіне арнап отырғанын да айта кетейік. 

Эльвира Халитова, музейдің ғылыми қызметкері:

-Мақсатымыз тағы бір, осы көрмені ұйымдастырған кезде фотоларға қарағанның өзінде әрбір адам, әрбір көрермен біздің жер қандай керемет, біздің қаламыздың өзінің тарихы қандай бай, соны көріп қоршаған табиғатты, қоршаған адамдарды, барлығы қандай қызықты, қандай әсем соған көп көңіл бөліңіз деген сондай ойлар әрбіреуінде туады деген ойымыз бар.

Осы категория бойынша: « Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы республикалық өнер байқауы өтті Алматыда «Жыл таңдауы» ұлттық музыка жүлдесінің гала концерті өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы