377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Жыл таңдауы» ұлттық музыка жүлдесінің гала концерті өтіп жатыр

  • 341
  • UPD: 20:48, 01.12.2018

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы «Алматы арена» мұз сарайында «Жыл таңдауы» ұлттық музыка жүлдесінің гала концерті өтіп жатыр.

Ән мен биге толы салтанатты шара Тұңғыш Президент күніне арналды. Концерттің әлқиссасында көрермен назарына театрландырылыған қойылым ұсынылды.

- Ұлттық музыка байқауына келгендердің көңіл күйі қалай? 

Алмас Садуақас, тілші:

- Осы кеште «Алматы Арена» мұз сарайына салтанатты шараны бірге атап өтуге мыңдаған адам жиналды. Көбі әрине жастар. Көңілдері көктем, жаны жайсаң жастар мерекенің думанын одан әрі қыздырып жатқандығын айта кетелік. Олардың қатарында тәуелсіздің құрдастары да көп. Сонымен қатар «Жыл таңдауы» ұлттық музыка байқауына өнер мен мәдениет саласының қызметкерлері, өнер адамдары, зиялы қауым мен қоғам белсенділері жиналған. Жалпы ұйымдастырушылар бұл кештің ойдағыдай өтуіне барын салғаны байқалып тұр.  

- Байқауға кімдер қатысады, қандай аталымдар бойынша жүлде беріледі? Белгілі әндер мен әншілер бар ма? 

Бұл концертке барлығы 60-қа жуық эстрада жұлдыздары мен әншілер қатысып, бақтарын сынайды.

Хабар 24 телеарнасы