371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінде хан Абылайдың жорығына байланысты ескерткіш белгі орнатылды

  • 142
  • UPD: 23:44, 03.12.2018
Ертіс өңірінде хан Абылайдың жорығына байланысты ескерткіш белгі орнатылды

Павлодар облысында ауыл азаматтары хан Абылайдың ерлік жорығын дәріптейтін ескерткіш белгі орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Абылай, найза мекені» немесе «Шабанбай жайылымы» деп аталатын тарихи жер Баскөл ауылының іргесінде жатыр. Бабалардың ізі қалған киелі мекен жайында аңыз-әңгімелер шежірешілерден және ауыл ақсақалдарынан жеткен. Жаугершілік заманда Жоңғар шапқыншылары Қалмаққырылған тауының етегінде үлкен тойтарысқа ұшырайды. Дәл сол жолы жауға қарсы атой салған қалың әскер Шабанбай деген дәулетті адамның жайылымына келіп үш күн аялдапты. Жаужүрек батырлардың жолсоқты кейпін көрген жомарт жан хан Абылайдың қарамағындағы жасаққа 500 сәйгүлік мінгізіп, киім-кешек пен ас-суларын әзірлеп берген деседі. Енді бұл жер тарихшылардың назарын аудартып отыр.

Айгүл Мұхамедиярова, тарихшы:

- Өз әскерімен ат дүбірін тоқтатқан, мына найзасын қадаған жерге бүгінгі күні ескерткіш тұрғызылып отыр. Осы ескерткіш болашақ ұрпақты төл тарихын білуге, тәрбиелеуге, бағалауға, мақтан тұтуға тәрбиелейді деп есептеймін.

Осы категория бойынша: « Димаш Мәскеудегі «Песня года» фестивалінде өнер көрсетті «Астана Опера» театрының хор ұжымы Ресей халқын тамсандырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы