369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Опера» театрының хор ұжымы Ресей халқын тамсандырды

  • 118
  • UPD: 23:44, 03.12.2018
«Астана Опера» театрының хор ұжымы Ресей халқын тамсандырды

«Астана Опера» театрының хор ұжымы Новосібір қаласында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Академиялық опера және балет театрының қабырғасында өткен концерттік бағдарлама түрлі жанрды қамтыды. Әсіресе әйгілі қазақ және орыс әндерінің жаңаша орындалу нұсқасы мен акапелла хоры тыңдарман қауымын айрықша тамсандырды. Атап айтқанда, қазақ халық әндерінен құралған попурри бәрінің көңілінен шықты. Оркестр дирижері – елордалық театрдың бас хормейстері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ержан Дәуітов. Халықаралық байқаулардың лауреаттары Мейір Бәйнеш пен Талғат Ғалиев жеке орындаушылық шеберлігін көпшілікке паш етті.

Ержан Дәуітов, «Астана Опера» опера және балет театрының бас хормейстері:

- Қазақ композиторларының туындылары мен халық әндерін дайындап әкелдік. Концерттік бағдарламамен Ресей жеріне келген соң, әрине, орыс композиторларының да озық шығарламарын орындадық. Атап айтқанда, Рахманинов, Чайковский, Фалик пен Турчанинов сынды сазгерлердің туындыларын шырқап, тек хор музыкасы ғана емес, әлемдік классиканы да шебер орындайтынымызды көрсеткіміз келді.

Вячеслав Подъелский, РФ еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

- Керемет әсерге бөлендім. Концерт маған өте ұнады. Хорларыңыз тамаша, бай мәдениеттеріңізден сыр шертеді. Орындаушылық шеберлігі өте жоғары. Маэстро да керемет! Ұжымдағы шығармашылық тәртіп мен ауызбіршілігіне сүйсініп, риза болдым.

Осы категория бойынша: « Ертіс өңірінде хан Абылайдың жорығына байланысты ескерткіш белгі орнатылды Еліміздің өнер ұжымы «Золотой Витязь-2018» театр форумына қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы