369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бозоқ аруы» кітабы таныстырылды

  • 83
  • UPD: 10:01, 05.12.2018
«Бозоқ аруы» кітабы таныстырылды

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында еліміздің тарихында ерекше орын алар ұлы тұлғалардың есімдерін ұлықтауды және ортақ фольклорлық мұраларды зерттеуді тапсырды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Шәрбану Бейсенованың «Бозоқ аруы» кітабы таныстырылды. Жазушының «Ұлы дала арулары» жобасы аясында бұған дейін «Сүйінбике» кітабы жарық көрген болатын. «Бозоқ аруы» – аталған топтамадағы екінші кітап. Жазушы елорданың іргесіндегі ежелгі Бозоқ қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ару туралы деректі көркем шығармаға негіз етіп алған.

Айта кетейік, қазба жұмыстары кезінде арудың бас сүйегі жанынан табылған 800 інжу моншақ пен кездік қазір Еуразия униерситетіндегі Кемел Ақышевтің мұражайында сақталған.

Шәрбану Бейсенова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы:

- Біз тарихи негіздерге ала отырып, Бозоқ қаласының орын тебуінде осы қыздың мықты рөлі болған. Содан оның барлығы жай сәйкестік емес. Қыз опат болған соң әкесі сол жерде қоныстан кетпеген. Сүйген жігіті шырақшы болып, сол жерде қалып, сол жерде кент тұрғызған. Содан барып қала пайда болған. Оны тарихшылар да жоққа шығармайды. Біз осыны көркем тілде қыздың өмірбаянын айту арқылы айтқымыз келді.

Осы категория бойынша: « Қазақ киносын дамыту. Сарапшы пікірі Астанада «Таңғажайып Қытай – Көрікті Синьцзян» фотокөрмесі ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы