369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында «Елбасы және Ұлы Дала мұрасы» атты көрме ашылды

  • 119
  • UPD: 15:52, 06.12.2018

Оған музей қорының 185-тен астам құнды жәдігерлері мен Елбасының «Көне Тараз» музейін аралаған сәтте түсірілген тарихи фотосуреттері қойылды.

Көрмеде Қытаймен сауда-саттық барысында келген теңгелер мен бұйымдар, Қарлұқ қағанатының тұрмыстық заттары, сондай-ақ Қарахандар дәуірінің мәдениетінен сыр шертетін күміс пен қоладан жасалған бақыр теңгелер ел назарына ұсынылды. Ежелгі Тараз қаласының қазба жұмыстары барысында табылған заттарды қала тұрғындары желтоқсанның 20-ына дейін көрме залынан тамашалай алады.

Жазира Шілдебаева, Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени қорық музейінің бөлім басшысы:

- Бұл көрмеге көптеген құнды жәдігерлер қойылған, оның ішінде мынау Қарахан кезеңіне жататын, керамикадан жасалған бұйымдар, қоладан жасалған теңгелер, бақыр теңгелер және көптеген осы тұрмыстық тұрғыда қолданылған ыдыс аяқтар қойылған.

Осы категория бойынша: « Астанада «Таңғажайып Қытай – Көрікті Синьцзян» фотокөрмесі ашылды Сенатта «Кинематография туралы» Заң қабылданды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы