369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та қазақ мәдениетіне арналған форум өтті

  • 291
  • UPD: 14:55, 08.12.2018

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет».

Нью-Йоркте осындай атаумен халықаралық форум өтті. Оған еліміздің ақын-жазушылары, публицистері, өнер майталмандары мен екі елдің журналистері қатысты. Форум аясында мәдениет саласындағы әріптестікті нығайту жолдары талқыланды.

Тілі мен ділінің бөлектігіне қарамастан форумға қатысушылар тез тіл табысты. Эрнест Хемингуэй, Теодор Драйзер мен Марк Твеннің шығамаршылығымен жақсы таныс қазақ делегациясы Ұлы даланың бірегей мәдениетін Америка жұртына таныстырды. Рухани құндылықтарды дәріптеу, ғаламдық мәдениет кеңістігіндегі интеграция мен қоғамдық сананы жаңғырту мәселесін жиында тілге тиек етілді. Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да талқыланды.

Бұл – Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған төртінші форум. Мәдени кездесу бұған дейін Сеул, Лондон, Берлин сияқты алып шаһарларда өтті. Нью-Йорктегі басқосуға келушілер фотокөрме тамашалап, қазақ жазушыларының жаңа туындыларымен танысты.

Леонид Голдин, профессор, АҚШ публицисі:

- Қазақстан  бізді таңғалдырып келеді. Бұл өзі бір керемет шара болды. Нағыз достық кездесу деп осыны айтады. Бұған дейін де Қазақстан әлемге үлгі болатындай жағдайға жеткенін естуші едім. Татулығы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыстан құралған тұтас елдің бейбіт саясатын да айтпасқа болмайды. Форумда филология профессорының латын қарпіне көшу туралы баяндамасын ерекше назар қойып тыңдадық.

Ақын-жазушылармен қатар шараға музыканттар мен қоғам қайраткерлері де қатысты. Америкада танымал қандастырмыз әнші Диаз Мусалимов пен тәртіп сақшысы әрі боксшы Димаш Ниязов та жиынға арнайы келді.

Рави Батра, АҚШ қоғам қайраткері:  

- Қазақстандық мәдениет тек қазақ халқы үшін ғана емес, күллі әлем жұрты үшін ұлы мәдениеттердің бірі деп санаймын. Көшпенділердің мәдениетін зерттеу жаһан үшін маңызды. Себебі, ол әлемдік мәдениеттердің ажырамас бөлігі саналады.

Президенттік оркестрдің жетекші солисі, әнші Ардақ Балажанова ән шырқап, кездесудің көрігін қыздыра түсті. Ұлы дала мәдениетін дәріптеуге арналған жиын осылайша еліміздегі береке-бірліктен сыр шертті.

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Осы категория бойынша: « Елордада «Алтын домбыра» ақындар айтысы өтеді Түркияда «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» кітабы таныстырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы