371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» кітабы таныстырылды

  • 166
  • UPD: 11:14, 08.12.2018

«Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы».

Анкарада осындай атпен халықаралық конференция өтті. Түркияның белді саясаткерлері, ғалымдары мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысқан шарада Елбасының түркі әлеміндегі рөлі жайында айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы төңірегінде әңгіме өрбіді. Көпшілікке мақаланың түрік тіліне аударылған нұсқасы таратылып, зиялы қауым өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түркі халықтарының тарихын жаңғыртуға қатысты Президент бастамасын қойғам қайраткерлері жоғары бағалады. Жиын барысында «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың рухани жаңғыруы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Туындыға Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қазақ және түрік тілдеріндегі мақалалары енген.

Рефик Туран, Түрік тарихы мекемесінің төрағасы, профессор, доктор:

- Алдымен мақаланың қызықты әрі өзекті екендігін атап өткім келеді. Онда түрік халқымен қоса күллі түркі жұртының ортақ мәдениеті туралы айтылған. Бұл мәдениет Орталық Азиядан бастау алып, әлемге үлкен әсерін тигізген. Осы орайда «Ұлы дала мәдениеті» атты өркениет бар. Дала мәдениеті негізінде құрылған елдер дүние жүзін өзгертті. Ұлы дала мәдениетінде құқық, технология, салт-дәстүр бар. Бірқатар мәдениеттің жете алмаған жерлеріне, шамамен 2000-2500 жыл бұрын қанат жайған. Адамзаттың тұрмысында шойын мен болаттың маңызы зор. Мұны мыңдаған жыл бұрын ұлы дала халқы біліп, жетік меңгерген.

Осы категория бойынша: « АҚШ-та қазақ мәдениетіне арналған форум өтті Норвегия астанасында Қазақстан күні атап өтілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы