371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі Испанияда концерт берді

  • 235
Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі Испанияда концерт берді

Испания астанасында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің алғашқы концерті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдение шара Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Мақсат – екі мемлекет арасындағы мәдени ынтымақтастықты жандандырып, қазақ өнерінің төл мәдениетін насихаттау. «Ұлы дала әуендері» концерттік бағдарламасында Құрманғазы, Қорқыт, Латиф Хамиди туындыларымен бірге Бизе, Вивальди, Штраус сынды әлемдік композиторлардың да шығармалары ойналды. Көрермендер қазақстандық әншілердің өнеріне тәнті болып, ұзақ уақыт қол шапалақтап, сахнадан жібермеді.

Абылай Тілепберген, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің бас дирижері:

– Құрманғазы оркестірінің ерекшелігі, ұлттық өнерден бөлек, әлемдік музыкаларды да орындаймыз.

Құрманғазы оркестірінің өкілдері Мадридтегі Дон Кихот пен Санчо Пантес ескерткішінің қасында флэшмоб өткізді. Өнерпаздарымыз еліміздің әнұранын шырқап, «Сарыарқа» күйін шертіп, қала тұрғындары мен қонақтарын таң қалдырды. Ескерткіш маңына жиналған жұрт домбыраның әуезді үнін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Осы категория бойынша: « Норвегия астанасында Қазақстан күні атап өтілді «Бабалар ізімен» экспедициясының мүшелері Сұлтан Бейбарыс ұрпақтарымен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы