369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бабалар ізімен» экспедициясының мүшелері Сұлтан Бейбарыс ұрпақтарымен кездесті

  • 177
«Бабалар ізімен» экспедициясының мүшелері Сұлтан Бейбарыс ұрпақтарымен кездесті

Ливанда жалғасып жатқан «Бабалар ізімен» тарихи-ғылыми экспедициясының мүшелері Сұлтан Бейбарыс және Сұлтан әл – Мансұр Қалауынның ұрпақтарымен кездесті.

Жүздесу барысында тарих қойнауындағы оқиғалар, батыр бабалалардың рухани мұрасы сөз болды. Сондай-ақ қазақстандық зерттеушілер Бейрут қаласындаы Ливанның мемлекеттік музейінде болып, мәмлүктер кезеңіне қатысты экспонаттармен танысты. Олардың қатарында алтын ақшалар, тұрмыстық заттар және қару-жарақ түрлері бар. Мәмлүк кезеңі Ливан тарихында 1266 жылдан басталып, 1517 жылға дейін созылған. Осы уақыт аралығында Сұлтан Бейбарыстан кейін қыпшақ мәмлүктерден 20 билеуші шыққан. Осындай даңқты бабаларымыздың бірі – сұлтан әл-Мансұр Қалауын. Ол Бейбарстан кейін билікке келіп, аты тарихта қалған.  Триполи қаласында әл-Мансұр Қалауын атындағы көше бар. «Бабалар ізімен» экспедициясы Сидон қаласындағы ортағасырлық қамалға да арнайы барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Бұл бекініс 13-ғасырда мәмлүктердің Жерорта теңізіндегі ықпалын күшейте түсуге жағдай жасаған. Бүгінде бұл жер туристік орынға айналған. Экспедиция мүшелері енді Ливаннан кейін Иорданияға сапар шекпек.

Осы категория бойынша: « Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі Испанияда концерт берді Димаш Құдайберген «Әлем аруы» байқауында ән шырқады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы