379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемге әйгілі Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады

  • 531
  • UPD: 12:48, 11.12.2018
Әлемге әйгілі Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады bnews.kz

Әлемге әйгілі француздық-канадалық Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады.

Мюзиклдің қойылымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Qazaqconcert мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынады, деп хабарлады Qazaqconcert мемлекеттік концерт ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Алғаш рет Париж қаласында 20 жыл бұрын қойылған мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің үлкен еңбегі арқасында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тілдеріне аударған оныншы ел болып отыр. Әлемге әйгілі қойылым отандық театр өнері үшін жаңа белес болмақ. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің тиісті жұмыс стандарты көтерілген ҚР Президентінің жолдауына толығымен сәйкес келеді.

Notre Dame de Paris мюзиклінің қойылымы үшін еліміздің барлық аймағынан жиналған талантты вокалистер, акробаттар мен бишілер арасында кастинг өткізілді. «Кастингке мюзикл авторлары Риккардо Коччанте, қоюшы режиссер Роберт Мариен, Франция мен Қазақстанның продюсерлері мен хореографтары жетекшілік етті. Іріктеуден еліміздің үздік әртістері өтіп, басты рөлдерді келесі қатысушылар сомдайды: Қайрат Сарыбаев, Дидар Әбдіхалық и Әділ Сұлтан, Абай Мұхамбетжанов, Нұрпейіc Абдураев, Серікболсын Кішкенбаев, Армат Амандыков, Игілік Оразалы, Әділет Әбдіқадыров, Айдар Акипбаев, Ақжол Өмірзақов, Зарина Жакенова, Расул Усманов, Жарқынай Шалқар и Таңшолпан Нұртілеу, Жанна Сандыбаева, актриса и певица Роза Мұқатаева, Ұлан Қабыл», - делінген хабарламада.

Notre dame de Paris мюзиклінің қойылымы заманауи Қазақстанның тарихындағы айтулы оқиға болары анық. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Qazaqconcert мемлекеттік концерттік ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесінде қазақ тілінде сахналанатын Notre Dame de Paris мюзиклі елімізде қойылған мюзиклдердің ішінде ерекше орын алатыны сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы