389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың мақаласын поляк тарихшылары зерттеуге кірісті

  • 681
  • UPD: 14:42, 11.12.2018
Н.Назарбаевтың мақаласын поляк тарихшылары зерттеуге кірісті

Поляк тарихшы, дипломат Владыслав Соколовски Ұлы даланың тарихын мұқият зерттеуге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пікірінше, қазақ жерінен көптеген ғалымдар, ойшыл ғұламалар мен жазушылар шыққан. Қазақ даласының мәдени мұрасына қызығушылығын танытқан ол қазақ хандығы мен қазақ мемлекетінің құрылуы жайында бірнеше кітап шығарған. Владыслав Соколовски соңғы жылдары еліміздің біртуар тұлғалары жайында көп айтып, тіпті көрмелер ұйымдастыруда. Тарихшы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жоба арқылы Қазақстанды бүкіл ел танитынына бек сенімді. 

Владыслав Соколовски, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Салт-дәстүріміз бен күнделікті өмірде кездесетін көріністер Ұлы даланың кезеңінен бастау алады. Қазақстаннан келгеннен кейін Ұлы даланың тарихы мені қызықтыра бастады. Бұл туралы көп жаздым. Тіпті «Ұлы даланың ұлы ойшылдары» атты галереямды шығардым. Польшада 20 шақты ұлы ойшылдардың портреттері жиналған жұртқа танымал галереям бар. Онда Қорқыт ата мен Абай сияқты ұлы тұлғалардың суреттері бар. Бірнеше рет көрмелерге қатысқанда бұл галерея көбінің қызығушылығын танытқанын байқағанмын.

Хабар 24 телеарнасы