389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы театр «Серебряный Витязь-2018» сыйлығын иеленді

  • 397
  • UPD: 22:20, 12.12.2018

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен фестивальде «Серебряный Витязь-2018» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнер ұжымы Шекспирдің «Отелло» қойылымын сахналады. Спектакльді танымал режиссер Талғат Теменов қойды. Оттело рөлін жерлесіміз еңбек сіңірген қайраткер Қуандық Қыстықбаев, Дездомона рөлін Ақмарал Танабаева сомдады.

Айта кетейік, 16-халықаралық форумға қазақстандық театрдан бөлек Ресей, Болгария және Грузия өнерпаздары қатысты.  

Талғат Теменов, режиссер:

- Ең басты инвестиция – жанды рухани тұрғыда байыту. Міне, бүгінгі фестивальдің ұстанымы да осы. Сондықтан осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Себебі, адамның руханы тұрғыда бай болуы – болашақтың кепілі.

Хабар 24 телеарнасы