377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 10 аталым бойынша берілді

  • 301
  • UPD: 22:16, 12.12.2018

Бас шаһарда бас қосқандарға арнайы төсбелгі беріліп, қомақты сыйақы табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Биылғы байқауға 300-ден аса үміткер қатысқан. Солардың тек 20-сы ғана іріктеліп, 10 аталым бойынша жеңімпаз атанды. Дәстүрлі сайыс Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырлып отыр. 

Бұл байқаудың жөні бөлек, жосығы ерек болған қашан да. Талаптылар ғана иін тіреседі. Биыл да солай. Тек жарысқа қатысуға ниет танытқандар саны күрт көбейген. Осы жылы 300-ден аса үміткерден өтініш қабылданыпты. Солардың тек 20-сы ғана іріктеліп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл мадақ жеңімпаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді.         

Қуандық Рахым, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:

- Мен эстрада бағытында алып жатырмын. Алдағы уақытта әндерімізді өте талғаммен шығаратын боламыз. «Дарын» деген атаққа ешқашан кір келтіруге болмайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 10 аталым бойынша берілді. Әр номинацияны екі адамнан еншіледі. Арасында ғылымды ілгерілетіп, әдебиеттің адымын алшаңдатып, саф өнерге сүбелі үлес қосып, қоғамдық қызметті абыроймен атқарып жүрген жастар бар. Сондықтан болар, биылғы жүлде қоры да қомақты.  

Асхат Оралов, ҚР ҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Жыл сайын қатысушылардың саны өсіп жатыр. Осы жылы 300-ден астам үміткер құжаттарын тапсырды. Ол қуантатын нәрсе. Бұл «Дарынның» сенімі, абыройы деп есептейміз.

Биылғы жеңімпаздар Жастар жылы қарсаңында марапатталып отыр. Байқау 1992 жылдан бері ұйымдастырлып келеді. Осы аралықта 200-ден астам дарын иесіне мемлекеттік сыйлық беріліпті.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы