376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өзбек өнерпаздарының кеші өтті

  • 296
  • UPD: 23:41, 12.12.2018
Елордада өзбек өнерпаздарының кеші өтті

Астанада Өзбекстан өнерпаздары концерт қойды.

Шараға «Ялла» ансамблі мен «Тумор», «НавБахор» би ұжымдары және бірқатар өнер жұлдызы қатысты. Әншілер біздің ұлттық әндер мен өзбек композиторларының танымал шығармаларын шырқады. Игі бастама Қазақстандағы Өзбекстан жылының қорытындысы ретінде өткізіліп отыр.

Саидикрам Ниязходжаев, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Биыл біз Қазақстанда көптеген іс-шаралар өткіздік. Шымкент пен Түркістанда өзбек фильмдерінің күні өтті. Бүгін аталмыш шара Қызылордада жалғасын тапты. Онда қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев жайында түсірілген көркем фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ биыл Ташкентте оның құрметіне орай мұражай ашылды. Жалпы, Қазақстандағы Өзбекстан жылының аясында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырдық.

Хабар 24 телеарнасы