377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы сақтардың адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы айтты

  • 140
  • UPD: 15:20, 14.12.2018
Сарапшы сақтардың адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы айтты

Қазақ елі – кешегі сақтардың заңды мұрагері.

Ал көне дәуірдегі адамзат өркениетіне қосылған дүниелер Алтай жерінен бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған сол өлкедегі сақ қорғандарынан табылған жәдігерлер дәлел. Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» деген тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ғалымдар осындай тұжырым жасады. Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы тарихи құндылықтар турасында ғылыми баяндамалар оқылды. Ғалымдар техникалық университетте жабдықталған музейді аралап, студенттерге шеберік сағаттарын өткізді. Қырым Алтынбеков археологиялық жұмыстарда табылған жәдігерлердің сол замандағы ғылыми дәлдігі мен шеберлердің әр металды игеру технологиясы туралы әңгіміледі. Ботай энеолиттік қонысын ашқан белгілі археолог Виктор Зайберт дала өркениетінің қалыптасуындағы Ботай мәдениетінің рөліне тоқталды. Ал Зейнолла Самашев сақтардың адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы айтты.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Жабайы жылқыны қолға үйретіп, өзінің игілігіне пайдалану. Жылқыны қолға үйрету бір кезең. Содан кейін атқа міну бір кезең. Осы екеуі де адамзат тарихына үлкен революциялық рөл атқарған. Осылардың барлығы қазақ даласында жүзеге асқаны біз үшін мақтаныш.

Хабар 24 телеарнасы