389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Археолог: Көшпенділер мен ежелгі еуропалық өркениет арасында байланыс көп

  • 620
  • UPD: 15:17, 14.12.2018

Мұндай пікірді Берлин мемлекеттік мұражайының кураторы, археолог Манфед Наврот білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мысалға, скифтер мен ежелгі гректер арасынан тығыз мәдени байланысты көруге болады», – дейді ғалым. Наврот Қазақстанға бір топ археологтармен бірге келіп, скиф дәуіріндегі қорғандарды зерттеп те қайтқан. Ол сондай-ақ Астана, Алматы, Санкт-Петербург және Киев мұрайжайларындағы тарихи жәдігерлерден көрме де ұйымдастырған.

Манфред Наврот, археолог, Берлин мемлекеттік мұражайының кураторы:

- Көшпенділер әлем тарихында маңызды рөлге ие. Қазақстан аумағында өмір сүрген скиф, сақ тайпалары Моңғолия, Орталық Азия және Еуропадағы тарихи оқиғаларға ықпал еткен. Олар аттың құлағында ойнап, темірден түйін түйген. Археологиялық қазбалар бұл халықтардың ежелгі гректермен байланыста болғанын көрсетеді. Мысалға, көшпенділердің зергерлік бұйымында грек нақыштары кездеседі. Бұл – мәдени алмасу. Мен Жетісу өңірінде экспедицияға қатысып, Алматыға жақын жердегі қорғандарды қазуға қатыстым. Егер мүмкіндік болса, Қазақстанға тағы барар едім.

Хабар 24 телеарнасы