389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігінің қызметкерлері «Мәдениет саласының үздіктері» атанды

  • 1078
  • UPD: 18:08, 14.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы «Мәдениет саласының үздігі» және «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін табыстады. Барлығы 13 адам мараптқа ие болды. Олардың арасында біздің әріптестеріміз «Хабар» агенттігі бағдарламалар өндірісі бөлімінің продюссері Жәмиля Каримбаева мен режиссер Бағдат Мұстафин бар.

Бағдат Мұстафин, «Хабар» агенттігінің режиссері:

- Ең бірінші ризашылығымды әріптестеріме жеткізгім келіп тұр. Телевизияның жұмысы бір адамның еңбегі емес. Бір топ адамның. Бес минут сюжетті эфирге жеткізу үшін көп адам қатысады. Оның арасында журналист, оператор, продюссер, видеоинжинер дыбыс режиссерлері. Өте қиын жұмыс. әріптестерімді, қазақстандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы