389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжің тұрғындары қазақ қылқалам шеберлерінің өнерімен танысты

  • 690
  • UPD: 12:41, 15.12.2018

Қытай астанасында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай Дәурен Қастеев пен Гауһар Балмахаеваның көрмесі өтті.

Ерлі-зайыптылар қазақтың көне тарихынан сыр шертетін тасқа салынған таңбалардың бейнесін ұсынды. Дәурен қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, аты әлемге танылған Әбілхан Қастеевтің немересі. Бүгінде өнерлі жұптың туындылары Швеция, Ұлыбритания, Франция және Ресейдің жеке коллекцияларда сақтаулы. Суретшілер биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Лондон, Каир, Стокгольм қалаларында өз көрмелерін өткізді. Дәурен Қастеев пен Гауһар Балмахаеваның шығармашылығы бірегейлігімен ерекше. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мұндай шараны келер жылы «Жібек Жолының мәдени белдеуі» аясында тағы да өткізуді ұсынды.

Дәурен Қастеев, Қазақстан суретшілері Одағының мүшесі:

- Мен кітап иллюстрациясы саласындағы жұмыстардың экспозициясын әкелдім. Бұл Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына арнап салынған суреттер. Сонымен бірге «Агила Сауран» ертегілері мен «Айша Бибі» аңызына жасаған жұмыстарды ұсындым.

Макс Шэнь, Қытай-Азия экономикалық даму қауымдастығының өкілі:

- Бұл көрме өте қызықты болы, суреттердің терең мағынасы бар. Адамды терең ойға батырады. Суретшінің таным-түсінігі өте жоғары деңгейде, шығармалары өте жақсы.

Хабар 24 телеарнасы