377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бари Алибасов: Қазақ еліне, оның Президентіне айтар алғысым шексіз

  • 362
  • UPD: 23:32, 15.12.2018

Қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құтықтаушылар көп.

Солардың бірі – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Бари Алибасов. Әнші туған елін әрдайым сағынышпен есіне алады, деп хабарлайды «Хабар 24». Себебі, саналы ғұмырының басым бөлігін Қазақстанда өткізген. 

Бари Алибасов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі:

- Қазақстанның Тәуелсіздігі күнін үлкен қуанышпен атап өтемін. Себебі, Қазақстан – менің Отаным. Саналы ғұмырым қазақ жерінде өтті. Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына куә болдым. Әрі оған өзім де атсалыстым. Есімде, Президент Назарбаев әркім Қазақстанның ажырамас бөлшегі ретінде сезінуі үшін жайлы мемлекет құруды міндеттеген еді. Менің қазақ елі, оның Президентіне айтар алғысым шексіз. Мен осы елде білім алып, адам қатарына қосылдым. Әртіс атандым. Бұдан бөлек, Астананың құрылуына да атсалыстық. Бір сөзбен айтқанда, менің тағдырым қазақ жұртымен сабақтас. Оның қарыштап дамуына үнемі қуанамын.

Хабар 24 телеарнасы