377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялықтар Қара жорға биімен танысты

  • 205
  • UPD: 15:29, 16.12.2018

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оңтүстіккореялықтар қара жорға биімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сеулде қазақ диаспорасының өкілдері қайырымдылық концертіне қатысты. Ең танымал қазақ биі көпұлтты және аз қамтылған отбасылардың өкілдеріне көрсетілді. Айтпақшы, қазақ қоғамдастығының өкілдері Сеулдегі барлық ірі қоғамдық іс-шараларға қатысады. «Томирис» қоғамы 2012 жылы құрылды. Қазір оның құрамында 50-ге жуық адам бар. Олар ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тілін балаларына мирас етуде. Оңтүстік Кореядағы қазақ қоғамының белсенділерінің бірі - Сеул университетінің магистранты Жанар Егісбекова. Қазақстанда ол сұлулық конкурстарына және КВН-ға қатысты.

Жанар Егісбекова, Сеул ұлттық университетінің магистранты:

- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қазақтың асыл мұрасы – алтын адам экспонаты Кореяда болғандықтан, Кореядағы қазақ диаспорасы үшін бұл Тәуелсіздік күні ерекше болмақ. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Аспанымыз ашық, туымыз биік, жеріміз тыныш, еліміз ауқатты, егемендігіміз мәңгі болғай. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ким Дон У, қайырымдылық концертінің ұйымдастырушысы:

- Қазақстанды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Екіжақты қарым-қатынасымыз қарқынды дами берсін. Мәдени, рухани байланыстар да арта берсін.

Хабар 24 телеарнасы