377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті

  • 270
  • UPD: 23:45, 16.12.2018

Тәуелсіздік мерекесіне орай Астана қалалық орталық алаңында мерекелік концерт өтті.

Сәні мен салтанаты келіскен шарада жергілікті филармонияның әртістері мен отандық эстраданың белді өкілдері өнер көрсетті. Күннің салқындығына қарамай мерекелік кешке келген халықты Роза Рымбаева, Мәдина Садуақасова, Мұратбек Хайролда сынды әншілер әуезді әндерімен тербетті.

Сәкен Әлімханов, әнші:

- Жалпы Қазақ елі мәңгілік ел болсын деген ниетпен тобымыздың атын Мәңгілік ел деп қойдық. Сондықтан Қазақ елі жасай берсін. Мәңгілік ел болайық. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қалалық орталық алаңдағы мерекелік концерт отшашуға ұласты. Есіл өзені жағалауындағы керемет көріністі тамашалауға жиылғандардың қарасы қалың. Жасы да жасамысы да көздің жауын алар отшашудың куәсі болып, бір-бірін мерекемен құттықтасты.

Хабар 24 телеарнасы