389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ азаматы қазақстандық оркестрге дирижер болуды армандайды

  • 514
  • UPD: 01:49, 17.12.2018
АҚШ азаматы қазақстандық оркестрге дирижер болуды армандайды

Американдық маэстро Қазақстандағы оркестрге дирижерлік етуді армандайды.

АҚШ Конгресінің филармониялық қоғамында қызмет етіп, Вашингтон симфониялық оркестрін басқарған маэстро әлемнің көптеген сахнасында өнер көрсеткен. Американдық дирижер әлемнің мыңнан астам елінде болып, Ресей, Германия, Чехия және өзге де елдердің оркестрлеріне диржерлік еткен. Пикуч енді Қазақстанға баруды жоспарлап жүр.

Мартин Пикуч, дирижер:

- Мен Ресейде көптеген жыл дирижер болдым. Қай елде жүрсем де өзімді әлем елшісі ретінде сезінемін. Қазақстанға барып, сіздің елдің оркестріне дирижерлік етуді армандаймын. Жалпы мәдени ынтымақтастық саяси байланыстан бұрын жүзеге асатыны белгілі. Біз бір аспапта ойнап, ән айтқанда арадағы шекара жойылып, бәрімізді біріктіретін музыка мен өнер әлеміне енеміз.

Хабар 24 телеарнасы