389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арман Давлетяров жерлестеріне ақ тілегін жеткізді

  • 585
  • UPD: 15:21, 17.12.2018

Тәуелсіздік күні – отандастарымыз үшін маңызды мерекелердің бірі.

Айтулы күнді әлемдегі қазақстандықтар түгел ұлықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24». «МузТВ» телеарнасының бас директоры Арман Давлетияровтың студенттік шағы қазақ даласында өткен. Оның азамат болып қалыптасуына Нұрсұлтан Назарбаевтың да ықпалы бар. Осы орайда жерлесіміз барша отандастарын ұлық мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады.

Арман Давлетяров, «Муз-ТВ» арнасының бас директоры:

- Менің қымбатты Қазақстаным, сені Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Баршаңызға ашық аспан тілеймін, жайнай беріңіздер. Қазақстанға керемет Президент бұйырды. Дана басшымызды еліміз ғана емес, бүкіл әлем құрметтейді. Менің Ресейде дамып, қанат жаюыма Елбасының тікелей ықпалы тиген. Әрқашан Президентіміз бен қазақстандықтар туралы естіген сайын қуанамын. Аман болайық, сау болайық, бақытты болайық.

Хабар 24 телеарнасы