389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Э.Кустурица Айтматовтың шығармасы бойынша фильм түсіреді

  • 661
  • UPD: 15:52, 17.12.2018

Бейжіңде шығармаларын бүкіл әлем сүйіп оқитын ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайлық оқырмандар қаламгерді еске алуға арналған конференцияға қатысып, көрмені тамашалады. Жазушының мерейтойын басқа да бауырлас халықтар кең көлемде атап өтті. Ал Қазақстан жазушының «Ғасырдан да ұзақ күн» атты шығармасына фильм шығармақшы. Біздің тілшімізге берген сұхбатында Айтматов атындағы халықаралық қордың президенті Эльдар Айтматов осылай деді. Көркем фильмді серб халқының танымал режиссері Эмир Кустурица түсіреді. Қырғыздың дарынды ұлы осы романында Қазақстанда болған оқиғаны суреттейді. Эльдар Шыңғысұлы әкесінің қазақтың да жазушысы екенін айтады. Әйгілі суреткердің балалық шағы қазақ-қырғыз шекарасында өткен. Қаламгер көптеген туындыларында біздің елдің өмірі мен табиғатын суреттеген. Конференцияда Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева Қытайда жазушының 5 кітабі жарық көретінін айтты.

Эльдар Айтматов, Айтматов атындағы халықаралық қордың президенті:

- Айтматовтыңшығармашылығына қатысты шаралар әлі де жалғасады. Жазушының туындылары көптеген мемлекеттер арасындағы жалғастырушы буын іспеттес. Шығармалары халықтарды жақындастырады. Бәрі қызыға оқып, ерекше құрметтейді. Қызықты жобалар әлі алда. Қазір Қытаймен де жазушы шығармаларының желісіне фильм түсіруді жоспарлап отырмыз.

Роза Отунбаева, Қырғызстанның бұрынғы президенті:

- Біздің кешке көп адам келді. Біздің студенттер келді. Қазақ, әзербайжан, осы жердегі бәрінің өкілдері келіп, Шыңғыс Айтматов елдердің бәрінің басын қосқан адам болғанын тағы бір көрдік.

Хабар 24 телеарнасы