376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астраханьдағы «Құрманғазы» мәдени орталығы Ресейді гастрольдік сапармен аралайды

  • 468
  • UPD: 11:13, 18.12.2018

Ресейдің Астрахань облысындағы «Құрманғазы» өңірлік мәдени орталығы биыл атыраулықтардың көмегімен күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Ғимараттары қайта жаңартылып, жаңа мұрағаттармен және аспаптармен толыққан өнер ұжымы енді Ресейді аралап, қазақ өнері мен салт-дәстүрін паш етпек.

Бұл алтынжарлық қазақтардың бұзылмас салты. Алыс-жақыннан келген меймандарды қазақтың бауырсағы мен қымызын, сосын орыстың нан-тұзын ұсынып, салтанатпен қарсылайды. Астраханьдағы «Құрманғазы» өңірлік мәдени орталығы қысы-жазы қонақтан арылған емес. Жыл басынан бері мұнда 23 мыңнан астам турист келіпті.

Амангелді Әбілғазиев, «Құрманғазы» өңірлік мәдени орталығының директоры:

- Жапониядан келіп жатыр, Қытай, Англия, Франциядан келіп жатыр Біздің жұмысымыз қазақтың дәстүрін көрсету. Ол дәстүрлер ұнайды, біздің туристерге. Олар біздің қазақтың домбырасын тыңдағысы келеді, бауырсағын жегісі келеді. Осы Ресейде тұрып, сол жұмысымызды жасаймыз осы орталықта.

Биыл Атырау облысының көмегімен Құрманғазы мәдени орталығы толықтай күрделі жөндеуден өткізілді. Тозығы жеткен аспаптар жаңаланып, музей жаңа мұрағаттармен толықтырылды. Музей бүгінде келушілерге 200-ден астам жәдігер ұсына алады.

Жұмағыз Иманбаева, «Құрманғазы» музейінің ғылыми қызметкері /Астрахань/:

- Қазақстанның батыс өңіріндегі әріптестердің көмегімен көптеген құнды жәдіргерлермен толықтық. Болашақта, Астана, Алматы музейлерімен іскерлік байланыс орнатқымыз келеді.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Музейдің мақтанышы да, басты жәдігері де мына Құрманғазының саусағы тиді дейтін домбыра. Ол күй атасының жанына серік болмағанымен де, жасы егде тартқан шағында арнайы перне тағып, құлақ күйін келтірді дегене әңігме бар.

Орталық жанында күй атасының атымен аталатын ансамбль жұмыс істейді Ансамбль жыл сайын «Домбыра сазы», «Играй, домбыра» атты облыстық этнобірлестіктер арасында байқаулар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Оның репертурарында тек жерлестері Құрманғазы ғана емес, қазақ компазиторларының да шығармалары бар. Айтқандай, биыл ансамбль көрші облыстардың көмегімен жаңа аспапатар мен концерттік киім-кешектер алып, жаңа бағдарлама құру үстінде.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Астрахань аспанын тербеген ұлы күйшінің саздары, біртіндеп кең байтақ  Ресейге жайылуда. Жаңа жылдан бастап Құрманғазы атындағы ансамбль Ростовқа, сондай-ақ Самара мен Саратовқа, тіпті  Мәскеуге дейін барып өнер көрсетпек.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы