379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Сиқырлы әуендер» қайырымдылық концерті өтті

  • 340
  • UPD: 15:39, 18.12.2018

Алматыда балалар мен ересектерге арналған «Сиқырлы әуендер» атты қайырымдылық концерті өтті. Бұрын соңды Лондон, Сан-Франсиско, Токио, Сидней, Париж және Мәскеу қалаларының сахналарында орындалып келген жаңа жанр енді Қазақстанға да жетті.

«Сиқырлы әуендер» жанды музыканың синхронды орындалуымен ерекшеленетін кинокөрсетілімнің жаңаша форматы. Алматы қаласы әкімдігінің эстрада-симфониялық оркестірі бұл шараға қыркүйек айынан бері дайындық жұмыстарын жүргізіпті.

Марина Жигалова, жоба ұйымдастырушысы:

- Бүгін біз керемет концертті ұсынып отырмыз. «Сиқырлы әуендерге» ең үздік анимациялық шығармалар топтастырылған. Мұнда балалар сүйіп көретін «Суық жүрек», «арыстан патша», «Ару мен құбыжық», «Аладдин» сынды фильмдер бар. Мақсатымыз көрермендерді әсіресе жас ұрпақты сүйіп көретін шығармаларындағы класикалық музыканы  жанды форматта дыбыстап, үлкен экран алдында тыңдату  арқылы тәрбиелеу. 

Тәуелсіздік мерекесіне ерекше тарту болған сыйды алматылық көрермендер жылы қабылдады. Жаңа форматтағы, жаңа жобалар легі,  мұнымен шектелмейді дейді қала әкімі.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Сіздерді  біздің ең ұлы ең үлкен тәуелсіздік мерекеміз тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы айтқандай Алматы ол тәуелсіздіктің алтын бесігі. Сондықтан осы мереке құтты болсын біздің елімізде керемет жақсы жетістіктер  көп болсын біздің балаларымыз болашақта ең дамыған 30 мемлекеттің арасынан табылып бақытты ұрпақ болсын.

Хабар 24 телеарнасы