376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ABAI «JAN» моноспектаклінің премьерасы өтті

  • 382
  • UPD: 23:19, 18.12.2018
Астанада ABAI «JAN» моноспектаклінің премьерасы өтті

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында ABAI «JAN» моноспектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Танымал театр актері Нұркен Өтеуілов пен режиссер Фархат Молдағали сахналаған қойылымда Абай Құнанбаевтың болмысы жаңаша сипатта жаңғырған. Яғни мұнда бар дүниені тәрк етіп, өз ойымен күреске, Абайдың жан дүниесі көрсетіледі. «Шығарма жүрегі қазақ деп соққан барлық көрерменге арналған», – дейді ұйымдастырушылар.

Фархат Молдағали, режиссер:

- Абайды жалғыз ойнау керек деп ойлаймын. Өйткені Абай өз заманында жалғыз болды. Сондықтан бұл – моноспектакль. Абайдың әрбір қара сөзінен, әрбір өлеңінен іріктеліп, жинақталып, бір драматургиялық линияға құрылып, сахналанған. Сондықтан бұрынғы портреттік бейнеде көзіміз үйреніп қалған Абай емес, бұл жерде адам Абай.

Хабар 24 телеарнасы