377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Notre-Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде сахналанды

  • 339
  • UPD: 23:17, 18.12.2018
Астанада Notre-Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде сахналанды

Француздық шансон мен сыған мотивіне құрылған әр көріністегі «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» секілді 50 -ге жуық әннің әуені тыңдарманды бірден баурап алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туындыны сахналау үшін 70-тан аса өнерпаз атсалысты. Әртістер, бишілер мен аккробаттар және солистер бар өнерін ортаға салып, көрерменді тәнті етті. Солистерді мюзикл композиторы Риккардо Коччантенің өзі іріктеген.

Айта кетейік, Виктор Гюгоның  «Собор Парижской Богоматери» тарихи романының желісінде қойылған спектакль – дүниежүзілік мюзикл жанрының жарқын үлгісі. Оны 20 жыл ішінде әлемнің 8 тілінде 11 миллионнан аса көрермен тамашалаған. Алғашқы қойылымынан-ақ үлкен табысқа қол жеткізген шығарма Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Хабар 24 телеарнасы