389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесі қорытындыланды

  • 810
  • UPD: 15:35, 20.12.2018
«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесі қорытындыланды

Ұлттық мұражайда «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты көрме жобасының жылдық қорытындысы өтті. 

Көрменің мақсаты – еліміздің өнер туындылары арқылы тариxымыз бен мәдениетімізді әлемге паш ету. Президенттің «Руxани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған жоба 6 елде таныстырылды. Олар: Беларусь, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея. Жалпы көрме жұмысын 200 мың адам тамашалаған. Жиынға қатысқан шетелдік музей қызметкерлері Алтын адам экспозициясы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің тарихын тануда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ шара барысында алты елде өткен көрмелердің ғылыми каталогтарының тұсаукесері өтті. 

Галина Андреева, Бүкілресейлік қолданбалы-сәндік және халықтық өнер музейінің бас кеңесшісі:

- Алтын адам екі түрлі мағына береді. Бір жағынан, ол алтыннан жасалған болса, екінші жағынан, этикалық, моральдық тұрғыдан жоғары дәрежелі адам дегенді білдіреді. Бұл жоба халықаралық музей қызметкерлерін біріктірді. Сондықтан мен көрмені ұйымдастырған Қазақстан Республикасына алғысымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы