375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында Болған ананың алтын тостағаны мен сырғасы табылды

  • 581
  • UPD: 20:32, 20.12.2018
Қарағанды облысында Болған ананың алтын тостағаны мен сырғасы табылды

Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Болған ана кесенесінен алтын тостаған мен тасы бар сырға табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше жәдігерлер XIII ғасырдағы Алтын Орда дәуіріне жатады. Археологтар көне бұйымдарды ортағасырлық тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу барысында анықтаған. Болған ана тарихи аңыз-әфсаналарда Жошы ханның қызы, кейде келіні деп аталады. Ал Ұлытау өңірінде Жошы хан кесенесі бар.

«Табылған алтын тостаған мен әшекей Болған ананың тарихи образын айшықтап, дәрежесінің жоғары адам болғанын дәлелдейді», - дейді ғалымдар. Жәдігерлерге зертханалық жұмыстар жүргізу үшін қазір Жапония мен Американың алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарына сынамалар жіберілді.

Түлкібай Төлеуов, облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:

- Табылған тостағанның құндылығы Болған ананың дәрежесінің өте жоғары болғанын дәлелдейді. Мұның құндылығы сонда. Бірақ ары қарай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Антропологиялық тұрғыдан зерттеу жүргізіліп жатыр. Шетелдік зертханаларға анализдері жіберілді. Соның қорытындысы бойынша халыққа қосымша ақпаратты жеткізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы