376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британиялық жазушы: Елбасы мақаласы әлем білуі тиіс мәселелерді қозғады

  • 306
  • UPD: 23:08, 21.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен британиялық зиялы қауым да танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі жазушы әрі журналист Ник Филдингтің айтуынша, мұндағы айтылған жайттар өзектілігімен құнды. Қазақстанды XIX ғасырда британиялық саяхатшылардың ішінен алғашқы болып аралаған Томас және Люси Аткинсондар туралы кітап жазған қаламгер «бұл мақала әлем білуі тиіс мәселелерді қозғады», – дейді. Жазушының пікірінше, жаһандық қауымдастық мақаланы талқылап, өз пікірін білдіріп және идеяларын таратуы қажет.

Ник Филдинг, жазушы:

- Президент өз мақаласында «Қазақстан – түркі әлемінің бесігі» деді. Бұған шүбә келтіру мүмкін емес. Алтай шынымен де сол аймақтың нақ жүрегінде орналасқан. Сіздің ел, бір жағынан, алып қарасақ, бұл қырынан таныла қойған жоқ. Сондықтан Қазақстанда түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталғаны туралы күллі әлем білуі керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы