379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай атындағы опера және балет театрының солисі Ресейдегі конкурста жүлде алды

  • 332
  • UPD: 12:13, 23.12.2018
Абай атындағы опера және балет театрының солисі Ресейдегі конкурста жүлде алды

Қазақстандық опера әншісі танымал композитор Римский-Корсоковтың отанында өткен халықаралық байқауда сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н.А.Римский-Корсаков атындағы опера әншілерінің 11 халықаралық байқауы РФ Ленинград облысы Тихвин қаласында аяқталды. Ол алғашқыда Санкт-Петербургте өтуі тиіс еді, алайда ұйымдастыру комитеті оны Н.А.Римский-Корсаковтың туған жері – Тихвин қаласына арнайы ауыстырған. Конкурстың ақтық кезеңі композитордың есімі берілген Мәдениет сарайында өтті.

Биыл конкурсқа қатысуға 12 елден 150 өтінім түскен. Отандасымыз Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі Эмиль Сакавов екінші орынға ие болды. Сондай-ақ аталмыш театрдың концертмейстері Марина Алтухова Ленинград облыстық мәдениет комитетінің алғыс хатын иеленді. Эмиль Сакавов – Қазақстан, Ресей, Беларусь және Еуропа елдерінде өткен 10 халықаралық конкурстың жеңімпазы (лауреат), Қазақстан Президенті Н.Назарбаев атындағы магистрлік стипендия иегері.

Хабар 24 телеарнасы