377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда «Жібек жолында тұратын адамдар» атты фотокөрме ашылды

  • 255
  • UPD: 20:44, 23.12.2018

Оңтүстік Кореяның Чжончжу қаласында «Жібек жолында тұратын адамдар» деген атаумен фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті өнерсүйер қауымның назарына 4 фотосуретшінің туындылары ұсынылды. Олар он күннің ішінде Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанды аралап, жергілікті тұрғындарды түсірген. Біздің елімізде Алматы облысында болыпты. Фотосуретші Ким Мин Су ертеде Онтүстік Корея мен Орталық Азияны Ұлы Жібек жолы байланыстырғаны туралы естіп, сол аймақты көргісі келген. Қазақстанға саяхат жасаудың тағы бір себебі - елімізде үлкен корей диаспорасы қоныстанған. Фотосуретшінің айтуынша, Қазақстан - шексіз даласы бар гүлденген ел. Ким Мин Суды қазақтың қонақжайлығы сүйсінтіп, жергілікті халықтың өзіне көңіл бөліп, құрмет көрсеткені ұнаған.

Ким Мин Су, фотосуретші:

Қазақстандықтар әрдайым ашық-жарқын. Танысып, тілдесуден тартынбайды. Суретке түсуге де келіседі. Кореяда, керісінше, адамдар кадрға кірмеуге тырысады, тіпті артық ауыз сөйлеспейді. Қазақ халқының мінез-құлқында еркіндік сезіледі. Мен жас болсам, сіздің елде тұрушы едім. Мен үшін бастысы - еркіндік сезімі.

Хабар 24 телеарнасы