379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте Сарайшық көрмесі ашылды

  • 542
  • UPD: 23:29, 24.12.2018

Ташкентте қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі Сарайшық қаласы туралы археологиялық көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда ортағасырлық қорғаннан қазба жұмыстары кезінде табылған 100-ден астам жәдігер қойылды. Сосын Сарайшық тарихына байланысты мәліметтер мен стендтер ілінген. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмеден өзбекстандықтар Ұлы даланың жеті қырымен етене танысты. Көпшілікті әсіресе қайталанбас ою-өрнектермен безендірілген әшекей бұйымдар мен қыш-құмыралар көбірек қызықтырды. Шараны ұйымдастырушы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері өзбекстандықтарға Алтын Орда дәуірінде өркендеген қала тарихы жөнінде әңгімеледі. Сарайшық қаласы жалпы тарихи деректерде Ұлы Жібек жолы бойындағы ең ірі сауда және экономикалық орталық деп айтылады. Кейін қазақ хандығының астанасы да болған. «Қала ішінен табылған су жүретін қыш құбыр сол кезде Ұлы дала төсінде өркениеттің қаншалықты дамығанын көрсетеді», – дейді Өзбекстан Республикасы мәдениет министрінің орынбасары Камола Акилова. Ташкенттегі Қолданбалы өнер және қолөнершілер музейінде өтіп жатқан көрме ай бойына жалғасады.

Камола Акилова, Өзбекстан Республикасы мәденеиет министрінің орынбасары:

- Бұл жерде өзіне еріксіз назар аудартатын жайттер өте көп. Біріншіден, сол кездің өзінде қаланың өркениеті мен мәдениетінің жоғары деңгейде дамығанын көруге болады. Өйткені Орталық Азия аумағын ежелден мекендеген номадтар мен көшпенділер арасында жер шаруашылығына қатысты тығыз қатынас борнаған. Сонымен бірге біз осы қала арқылы көне дәуірде мекендеген номадтар мен көшпенділердің өз орталық қаласы болғанын аңғарамыз.

Хабар 24 телеарнасы