377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хуан Чжунсян: Қазақстан мен Қытай арасында мәдени байланыс арта түсті

  • 256
  • UPD: 23:29, 24.12.2018
Хуан Чжунсян: Қазақстан мен Қытай арасында мәдени байланыс арта түсті

Қазақстан мен Қытай арасында тек экономикалық қана емес, мәдени байланыс та артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы жанындағы этникалық әдебиетті зерттеу институтының профессоры Хуан Чжунсянның пікірі. Қазақ тілі мен мәдениетіне жетік ғалым осы саланы 20 жыл бойы зерттеп келеді. Жібек жолы жобасы жүзеге асырылғаннан бері байланыс тіптен нығая түсті дейді. Профессор 1998 жылы алғаш рет Қазақстанға келгенде отандастарымыз «Бізге қытайлықтар шикізат, мұнай және болат іздеп келеді. Ал мәдениет іздеп келген қытайлықты бірінші рет көріп тұрмыз» деп аң-таң болған екен. Содан бері ғалым Қазақстанның барлық облыстарын аралап, салт-дәстүрі мен мәдениетін толық зерттеп шыққан. Профессор қос ел арасындағы экономикалық байланыстан бөлек әдеби-мәдени байланыстың әлі де арта түсетініне кәміл сенеді. 

Хуан Чжунсян, Қытай ғылымдар академиясы жанындағы этникалық әдебиетті зерттеу институтының профессоры:

- Біздің «Бір белдеу, бір жол» бағытымыз ортаға қойылған соң, екі елдің экономикалық байланысы бұрынғыдан қарағанда тығыз болуымен бірге, мәдениетіміз де, барыс-келісіміз де күшейіп келе жатыр. Бұдан былай да Ұлы Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысы артады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы