376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Композитор» фильмі келер жылы жарыққа шығады

  • 410
  • UPD: 14:02, 26.12.2018

Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» көркем фильмі келер жылдың бірінші жартысында жарыққа шығады.

Бұл туралы біздің тілшімізге сұхбат берген киноның қытайлық продюсері Джонатон Шэнь айтты. Оның сөзінше, биылға жоспарланған туындының толықтыратын эпизодтары бар. Өйткені 3 сағаттық фильмді кинотеатрда көрсету үшін 90 минутқа дейін қысқарту қажет. Ал таспаланған дүниені кесіп тастағанда, мағанасы жоғалып кетеді. «Сондықтан толықтыратын тұстары бар», – дейді. Дегенмен биыл Бейжіңде Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы фильмді тамашалап, жоғары баға берген. Екі елдің бірлескен жобасы Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай арасындағы достыққа арналған. 40 жылы Қытай орталық комитеті сазгер Синхайды Кеңес одағына музыка зерттеуге жібереді. Алайда соғыс басталып кетіп, композитор еліне қайта алмай қалады. Сырқатқа шалдығып, аштыққа ұрынған қытайлық композиторға Бақытжан Байқадамов пана болады. Жоба авторлары бұл халықтар достығын насихаттайтынына сенеді.

Джонатон Шэнь, «Композитор» фильмінің продюсері:

- Биыл маусымда екі елдің президенті фильмді тамашалап, жоғары баға берді. Біздің шығармашылық топпен кездесіп, барлығымыз қанаттанып қалған едік. Бірақ толықтыратын, түзейтін жерлері бар. Қосымша түсірілім жасау керек. Біз одан қашпаймыз. Меніңше, келер жылы жарыққа шығарамыз.

Хабар 24 телеарнасы