376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды

  • 235
  • UPD: 21:31, 26.12.2018
Ташкентте қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды

Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан ұлттық кітапханасында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Ұлы дала елінің қайталанбас өнері мен мәдениеті, дәстүрі жайлы үш тілде жазылған 200-ден астам туынды қойылған. Өзбекстандық оқырмандар мәдени құндылықтармен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі, оның халықаралық саяси аренадағы рөлі туралы жазылған құнды кітаптармен де танысуға мүмкіндік алды. Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әлемнің 27 елінде дәл осындай орталық ашылған екен. Өзбекстан бұл тізімге 28-ші болып енді. Ұлы дала елінің бүгінгі жетістігін паш етіп, бауырлас қос елдің әдеби байланысын бекемдеген шара соңында ұлттық кітапхана басшылары өзара ынтымақтастық орнату жөніндегі келісімге қол қойды.

Алишер Абдуазизов, Әлишер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасының директоры:

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының өзі жазған кітаптары өте көп екен. Бұл дүниелердің барлығының біз үшін берері көп. Кітапхана қорын толықтырды. Оқу үшін керек. Келешекте қандай экономикалық бағытты ұстанған жөн не істеу керек деген сауалдарды табуға болады. Кітапхана оқырмандарын осы тақырып қызықтырса, алып оқуыларына болады.

Әлия Қожабекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары:

- Біз келешекте бұл жобаның жемісті жалғасын таба беретініне сенімдіміз. Кітап қоры бұдан да әрі толыға түсетін болады. Қазақ ұлттық электронды кітапхана жүйесімен де байланыс орнамақ. Сонымен бірге алдағы уақытта Қазақстан Ұлттық кітапхана жанынан Өзбекстан әдебиеті мен мәдениетіне арналған орталық ашуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы