376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ескі фильмдерді еске түсірген кеш өтті

  • 377
  • UPD: 15:29, 27.12.2018
Ақтөбеде ескі фильмдерді еске түсірген кеш өтті

Ақтөбеде ескі фильмдерді еске түсірген кеш болып өтті. Жаңа жыл мерекесінде көгілдір экраннан көрсетілетін кинофильмдердің музыкасын Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі ойнады.

Фильмдердің саундтрегін домбыра, қобыз, сыбызғы үніне қосып, көрерменге мерекелік кеш сыйлады. Сондай-ақ әлемдік классика туындыларын орындады. Жұбанов атындағы оркестрдің құрылғанына 15 жылдан асты. Өнер ұжымының репертуарында қазақ композиторларының 500-ден астам күйі бар. Республикалық, халықаралық деңгейдегі шараларда өнер көрсетіп жүр. Мерекелік кеште оркестрдің сүйемелдеуімен Света Айтбаева және облыстық филармония әртістері ән шырқады. Ерекше кеш көрерменнің көңілінен шықты. 

Майгүл Мұзбаева, қала тұрғыны:

- Мына жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына, қала қонақтарына өте керемет концерт болды деп ойлайымын. Өткені жаңа жылды қалай елестетеміз? Бұрыңғы кино фильмдер мен жаңажылдық. Сол кино фильмдердің саундтректерін жұбанов оркестр керемет ойнап,әншілер шырқап, баяғы бала кезіміздегі кештер есемізге түсті. Мұндай кештер керек. Себебі, балалық, жастық шағымыз осы фильмдермен байланысты.

Хабар 24 телеарнасы