378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 800 бала тегін кино көру мүмкіндігіне ие болды

  • 499
  • UPD: 23:14, 27.12.2018

Соңғы рет отбасыңызбен бірге қашан киноға бардыңыз?

Бұны бекерден бекер сұрап отырған жоқпыз. Мамандар: «соңғы уақытта ата-анасымен кинотеатрға баратын балалар саны азайып кетті», – дейді. Содан болар, Asyl bala қауымдастығы мен танымал режиссер Тимур Бекмамбетов Жаңа жылда балаларға базарлық жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иә, жұмысбасты ата-аналар аз емес. Көпке топырақ шашпайық. Бірақ басым бөлігі балаларына жеткілікті уақыт бөле бермейді. Сондықтан таяқтың бір ұшы балаларға тиеді. Осыдан отбасы құндылығы деген ұғым әлсірейтіні жасырын емес.

Гүлнар Шәкірова, Asyl bala қоғамдық қорының тең құрылтайшысы:

- Бөбектерге жеткілікті уақыт бөліне бермейтіні рас. Балаларға ата-анасының қасында болғаннан артық бақыт жоқ. Жаңа жыл – отбасылық мереке. Сондықтан балаларға көңіл бөлу керек. Asyl bala қоры Тимур Бекмамбетовпен бірге мерекелік акцияны қолға алды. Астанадан басталған іс-шара әр өңірде жалғасын табады.

Мереке қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар ескерусіз қалмады. Барлығы 800-ге жуық жеткіншек тегін кино көру мүмкіндігіне ие болды. Оларға тіпті попкорн мен сусындар де тегін таратылды. Бастысы, балалар дән риза.

«Елбасы жолы», «Елки», «Щелкунчик және 4 корольдік» фильмдері көпшілік назарына ұсынылды. Акция ертең Алматыда жалғасын табады. Осылайша, еліміздің әр өңірінде осындай акция өткізу жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы