377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джон Масси Стюарт көшпенділер тарихы туралы кітап жазуды армандайды

  • 276
  • UPD: 23:14, 27.12.2018
Джон Масси Стюарт көшпенділер тарихы туралы кітап жазуды армандайды

Көшпенділердің тікелей ұрпағы ретінде бай тарихымен мақтануға қазақстандықтардың толық құқығы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен қанаттанған тәжірибелі британиялық саяхатшы Джон Масси Стюарт көшпенділер тарихы туралы кітап жазуды армандайды.

Бұған дейін Стюарт «Томас, Люси және Алатау: Аткинсондардың Сібір және қазақ даласындағы бастан кешкендері» атты кітапты жарыққа шығарған болатын. Еңбек ержүрек ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон туралы жазылған. XIX ғасырда Аткинсон жұбайы Люсимен бірге Сібірді және Ұлы дала елін зерттеген: табиғат көріністерінің суреттерін салып, жергілікті халықтың тұрмысы мен салт-дәстүрі жайлы қойын дәптеріне түсіріп жүрген.

Джон Масси Стюарт, жазушы:

- Мен Қазақстанда 1961 жылы болдым. Сондықтан елдеріңізге деген сағынышым бар. Жақында Ұлы дала елі, Сібір және үш британиялық азамат жайлы кітап жаздым. Орын жетіспегендіктен көп мәселені қамти алмадым. Мысалы, ежелгі қорғандар Ұлы дала елінде Британияда өркениет дамығаннан көп жылдар бұрын пайда болғаны белгілі, әрі ол тақырып менің назарымнан тыс қалып қойды. Сондықтан мен Қазақстанға оралып, зерттеу жүргізіп, сол жайлы жаңа кітап жазғым келеді.

Хабар 24 телеарнасы