379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаштың бразилиялық жанкүйері өз қолымен тоқыған жемпірді сыйлады

  • 379
  • UPD: 22:55, 27.12.2018
Димаштың бразилиялық жанкүйері өз қолымен тоқыған жемпірді сыйлады

Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемнің әр түкпірінен сәлемдеме жолдап жатыр.

Бразилиялық жанкүйер нота бейнеленген жемпір тоқып, жолдап жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайбергеннің отбасы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлемнің әр түкпірінен келген сәлемдемелерді қабылдап жатыр. Жанкүйерлердің бірі өз қолымен жемпір тоқып, қазақ тілінде лебізін білдірген. «Димаш, қарапайым сыйлық, мен оны өзім жасадым. Бұл тоқыма. Мұны мен махаббатыммен, сүйіспеншілігіммен жасадым» деп жазулы тұр сәлемдемеде.

Сонымен қатар Аяз Ата мүсіні мен Димаш Құдайберген бейнеленген табақ фантоптан келген. Жанкүйерлер табақ жиегіне өз суреттерін салып жіберген. Аяз Атаның аман-есен мекенжай бойынша жеткенін әншінің әжесі Миуа Низамутдинова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.

«Димаштың жанкүйерлеріне алғысымыз шексіз. Сыйлықтарыңызды алдық. 2019 жыл бақыт жылы болсын!», – деп жазды әншінің әжесі.

Хабар 24 телеарнасы