377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Актриса С.Еслямова қаңтар айында Лос-Анджелеске барады

  • 260
  • UPD: 23:28, 28.12.2018

«Айка» фильмі Голливудтың назарын аударды. Ресейлік режиссер түсірген көркемфильмде басты рөлді жерлесіміз Самал Еслямова сомдағаны белгілі.

Мәртебелі Канн фестивалінде ең басты жүлдеге ие болған актриса биыл кино әлемінде жыл жаңалығы болды. Енді Самал бастаған топ 3 қаңтарда Лос-Анжелеске аттанады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Жалпы соңғы жылдары отандық киноның сапасы артып, көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие болғаны байқалады. Бұрын тек шетелдік фестивальдерді жағалап кететін отандық режиссерлер енді ішкі нарықтан да мол табыс табуға мүмкіндік алады. Қазақ тіліндегі ұлттық фильмдер бұдан былай кинотеатрларда кешкі прайм-тайм уақыттарда көрсетіле бастайды. Бұған жеке меншік компаниялардың өздері мүдделі болады. Себебі ұлттық картиналардан түсетін табысқа қосымша құн салығы салынбайды. Бұл отандық фильмдерге деген қызығушылықты арттырып, прокатпен айналысатын мекемелерге жасалған қолдау болмақ. Келер жылдың оныншы қаңтарында күшіне енетін жаңа «Кино туралы» заңда аударма мәселесі де көрсетілген. Елімізге кіретін шетелдік фильмдер міндетті түрде дубляждалып немесе субтитрлармен қазақ тілінде көрсетілуі тиіс.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Қазір енді 12 процент налогтан босатылған соң әрине қаражат салу тиімді болады. Қазір көптеген азаматтар кино саласында біздің режиссерлерге  өздерінің қаражаттарын сала бастайды. Ол берілген қаражаттың көлемі ұлғая бастайды. Содан кино көбірек болса оның сапасы да жоғарлайды. Екіншісі әрине прокатқа шыққанда ұлттық фильм басқа елдердің фильміне қарағанда жаңағы билеттен түскен қаржының 20 процент салықтан босатылады.

Хабар 24 телеарнасы