377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарияларға арналған робот-жануарлар құрастырылмақ

  • 219
  • UPD: 09:46, 04.01.2019
Қарияларға арналған робот-жануарлар құрастырылмақ

Hasbro ойыншықтар фабрикасының бұрынғы қызметкері робот-жануарларды құрастыруға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тірі ит-мысықтан айнымайтын ойыншықтар екі мақсатта қолданылады. Біріншіден, Америкада саны артып бара жатқан қарияларға серік бола алады. Олар нағыз үй жануарларымен салыстырғанда айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Екіншіден, деменцияға ұшыраған қарттар үшін бұл ойыншықтармен ойнау терапиядан өткенмен бірдей. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, аптасына 20 минут робот-жануарлармен уақыт өткізген қариялардың көңіл-күйі жақсарып, жүйке жүйесі тыншиды. Жалпы соңғы кездері робот-жануарлар терапиясы етек жайып келеді. Мәселен, Ұлыбританияда сенсорлармен жабдықталған робот-күшіктер қарияларға кей нәрселерді есте сақтауға көмектеседі. Оған қоса, дертке қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің мөлшерін азайтуға септеседі.

 

Хабар 24 телеарнасы