377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұмар ханшайым мен Кир патша шайқасы туралы тарихи драма сахналанады

  • 199
  • UPD: 11:21, 08.01.2019

Маңғыстау облысындағы Сенек ауылынан 15 шақырым жерде әйгілі Тұмар ханшайым мен парсы патшасы Кир туралы тарихи драма қойылмақ.

Байырғы заманда дәл осы жерде қос тұлға шайқасқан болатын. Өңір тарихының көпке беймәлім тұстарын кеңінен таныту үшін аймақ жастары «Үстірт шайқасы» деп аталатын қойылым әзірлемек. Ал жазда Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында жастардың республикалық экспедициясын өткізу жоспарлануда. Ауқымды шара Маңғыстаудан басталады. Одан әрі Атыраудағы Сарайшық, Исатай, Махамбет кесенелері, Оралдағы Бөкей орда, Ақтөбедегі Қобыланды батыр кесенесі, Қызылорда, Түркістан арқылы Есік қорғанына өтіп, Ұлытау мен Астана қалаларын да араламақ.

Бауыржан Тұяқов,  облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Сонымен бірге өзіміздің Маңғыстаудың ішкі туризмін дамыту мақсатында «Өз тарихыңды танып біл» деген оқушыларға, жастарға әртүрлі саяхат турлар, экскурсиялар ұйымдастырамыз. Мысалы, Томирис деген тарихи кітаптарда бар ғой. Бәріміз соны оқып өстік. Кезінде солар Үстірт жерінде мекендегенін жастар білуі қажет. Біздің Маңғыстау өңірінде үлкен-үлкен тайпалар өмір сүрген. Сақтардың іздері Маңғыстаудың жерінде жатқанын жастар білуі керек.

Хабар 24 телеарнасы