377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда өзбек киносының күні өтті

  • 245
  • UPD: 23:41, 11.01.2019
Түркістанда өзбек киносының күні өтті

Бүгін Түркістан шаһарында өзбек киносының күні өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрсетілім барысында қазақтың ұлы ақыны Абайдың балалық шағы, қоршаған ортасы, шығармашылығы мен мұрағат құжаттары қолданылған «Абай сөзі» деректі фильмі, Шыңғыс Айтматовтың қиссасы аясында таспаланған «Сарвкомат Дилбарим» көркем фильмі және «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Ойкиз» ертегісі көрсетілді. Қала тұрғындары мен қонақтары шаһардағы мәдениет үйіне келіп, өзбек киноларындағы өмір суреттеріне қанықты. Шараға Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас консулы Абрар Фатхуллаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Меймандар қазақ пен өзбек халқы арасындағы мәдени байланыстың дами түскенін айтып, әріптестікті бұдан да әрі нығайту керектігін жеткізді.

Абрар Фатхуллаев, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас консулы:

2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы өткенін білесіздер. Соның аясында Қазақстанда бір жылдың ішінде 200-ден аса әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл екіжақты қарым-қатынастардың барлық салаларын қамтып, халықтардың жақындай түсуіне ықпал етті. Ал енді биыл Өзбекстанда Қазақстан жылы атап өтіледі. Бұл бауырлас екі елдің достығының мәңгілік екенін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы